Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Бағдат Мәнізоровтың үстінен ақыры қылмыстық іс қозғалды – БАҚ

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Алматы облысының бұрынғы әкімі Бағдат Мәнізоровқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды деп жазды журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-каналында.

Алдын ала мәлімет бойынша, тергеу ісімен Бас прокуратура айналысып жатыр. Шенеуніктің үстінен «рейдерлік тартып алу» және «бопсалау» бойынша арыз түскенімен, қылмыстық іс «алаяқтық» бабы бойынша қозғалыпты.

«Мәнізоров бірнеше базар мен «Асер» қонақ үйінің қожайыны. Базардың құрылысы бойынша оның үстінен арыз түскен. Шағымданушы өзіне 6 млн доллар шығын келгенін айтып отыр», - деп жазды М.Козачков.

Еске салайық, Бағдат Мәнізоровтың ұсталғаны туралы ақпарат 2019 жылы да шыққан болатын. Антикор оны пара алды деп ашық айыптаған. Алайда, Бас прокуратура араласқаннан кейін оған тағылған айыптар алынып тасталды.

Сізге қызықты болады