Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Назарбаевтың інісі Самат Әбіш те тергеліп жатыр - Бас прокуратура

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары Асқар Әмірханов ҚР бұрынғы ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары Самат Әбіштің де тергеліп жатқанын мәлімдеді деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мәжіліс отырысынан кейін тілшілердің «Самат Әбіштің қаңтар оқиғасына қатысы бар ма?» деген сұрағына жауап берген Асқар Әмірханов оның қазір Қазақстанда тергеу органдарына жауап беріп жүргенін айтты.

«Самат Әбіш тергеу орбитасында. Ол қазіргі кезде жауапқа тартылып жатыр. Оның статусын білмеймін. Оның қазіргі уақытта Қазақстанда екенін білемін. Самат Әбішті өзім көрмедім. Қазір тергеу амалдары жүріп жатқандықтан ол сонда болуы тиіс», - деді Мәжіліс кулуарында  Асқар Әмірханов.

Дегенмен, ол Самат Әбіштің күдікті немесе куәгер екенін нақты айтпады.

Еске салсақ, 2015 жылғы желтоқстан айынан бастап ҰҚК басшысының бірінші орынбасары болған Самат Әбіш осы жылдың 17 қаңтарында Мемлекет басшысының жарлығымен қызметінен босатылған болатын.

Еске салайық, бұған дейін құқық қорғау органдары ҚР Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өзге інісі Қайрат Сатыбалдыны ұстаған болатын. Сонымен қатар, экс-президенттің туған інісі Болат Назарбаев та күдікке ілінген.

Сізге қызықты болады