Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Болат Назарбаевтың бұрынғы әйелінің үстінен 10 жыл бұрын қозғалған қылмыстық іс қайта жанданды

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі Болат Назарбаевтың ауыр науқасқа шалдыққаны белгілі. «Время» басылымының жазуынша, полиция оның бұрынғы әйелі Майра Құрманғалиеваның үстінен 10 жыл бұрын қозғалып жабылып қалған қылмыстық істі қайта жандандырған.

«Он жылдан астам уақыт бұрын Алматы полициясында Құрманғалиеваның үстінен қозғалған іс қайта жанданды. Ол кезде Б.Назарбаевтың экс-әйелінің үстінен бір-біріне қатысы жоқ үш адам түсірген болатын. Майраны бопсалау, адам ұрлау, бостандығынан заңсыз айыру және өзге де қылмыстарға қатысты деп айыптаған. Кейін белгісіз себептермен бұл іс тоқтап қалды», - делінген басылым таратқан хабарламада.

Арыз жазған әйелдердің бірінің айтуынша, ол Құрманғалиевамен 2007 жылы танысқан. Назарбаевтың экс-әйелі оған 500 мың доллар бересің деген көрінеді. Бұл ақшаны беруден бас тартқаны үшін жәбірленушіні үйдің жер төлесіне қамап тастапты. Бір тәулік өткеннен кейін ол күйеуімен байланысып, Құрманғалиеваға 100 мың доллар беріп құтылған.

«Мен ескі қылмыстық істердің қайта жанданып жатқанын көріп жүрмін. Атақ-даңқына қарамай ескі істеріне қатысты бәрінен жауап ала бастады. Бұл әйел мені бостандығымнан айырып, ақшамды алып қана қойған жоқ, жалғыз үйімнен айырды, отбасымды бұзып тынды. Сол үшін жазасын алуы тиіс», - дейді жәбірленуші әйел.

Еске салайық, «Экспресс К» басылымына күні кеше Болат Назарбаевтың қызы сұхбат беріп, әкесінің ешқандай рейдерлік әрекетке қатысы жоқ екенін, 2015 жылдан бері ешқандай бизнеспен айналыспағанын айтып ақталды. Оның сөзінше, кіші Назарбаев қазір өте ауыр халде, өздігімен жүре алмайды, сөйлеуден де қалған.

Сізге қызықты болады