Балқаш қаласының танымал кәсіпкері Қуат Сұлтанбеков 10 жыл түрмеде отырып, күні кеше ақталып шықты деп жазады ҚазТАГ.
«Оның үстінен қозғалған үш қылмыстық істің бәрі бойынша ақтау шешімі шықты», - деді адвокат Юлия Джафарова ҚазТАГ тілшісіне берген жауабында.
Ал, 2012 жылы Сұлтанбековтің үстінен қозғалған іс бойынша ол жазасын толық өтеп біткен. Жақын күндері экс-кәсіпкер бостандыққа шығады.
Айта кетейік, Қуат Сұлтанбеков 2012 жылдың мамыр айында қару-жарақты заңсыз сақтағаны, тасымалдағаны үшін 3 жыл алты айға бас бостандығынан айрылған болатын. Алайда, түрмеде отырған кезінде оның үстінен тағы бірнеше іс қозғалып, ол жалпы мерзімі 21 жылға сотталды. Өзінің айтуынша, ол экс-шенеунік Нұрлан Нығматулинмен жауласып, соның «тапсырысы» бойынша түрмеге қамалған көрінеді.