Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

«Ешкіммен кездескен жоқ»: Нұрсұлтан Назарбаев елге оралды

Азамат Ахметов

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев еңбек демалысын Түркияда өткізіп, қазір елге оралды. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Айдос Үкібай өзінің Twitter-парақшасында жазды.

Есте болса, бұған дейін анонимді Telegram-каналдар Назарбаевтың Түркияда өзге елдің басшыларымен, ірі кәсіпкерлерімен кездесіп жатыр деген ақпарат таратқан болатын. Алайда, А.Үкібай бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтып отыр.

«Нұрсұлтан Назарбаев Түркиядағы еңбек демалысынан кейін елге оралды. Демалысын ол жақын туыстарымен бірге өткізді. Анонимді дереккөздер тұңғыш президенттің шетелдік ресми тұлғалармен және бизнес өкілдерімен кездескенін таратуда, бұл шындыққа жанаспайды», - деп жазды Айдос Үкібай өзінің Twitter-парақшасында.

Еске салайық, биыл Қазақстанда өткен референдумнан кейін Елбасы туралы заң күшін жойып, Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар артықшылықтан айрылды. Ол сондай-ақ атқарып отырған қызметтерінің бәрінен кеткенін, зейнетте демалып жатқанын да хабарлаған болатын.

Сізге қызықты болады