«Нұрлан Нығматулиннің тапсырысымен: 10 жыл түрмеде отырып шыққан кәсіпкер Мәжілістің экс-төрағасын түрмеге қаматпақшы

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі Мәжілістің экс-төрағасы Нұрлан Нығматулин мен інісі Ерлан Нығматулин тергеуге алынғанын растады, деп хабарлайды Қазақпарат.

Тelegram-арналардың бірінде Нұрлан Нығматулин мен сыңары Ерлан Нығматулиннің тергеліп жатқаны туралы мәлімет тараған болатын.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі аталған ақпараттың растығын мәлім етті. Алайда аталған тұлғалардың қай күні тергеуге алынғаны хабарланған жоқ.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қ.М.Сұлтанбековтің арызы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын тіркеді. Арыз берушінің уәждері тергеу барысында тексерілетін болады. Өзге мәліметтер Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды», - деп жазылған агенттік мәліметінде.