Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Тоқаевтың жарлығымен Ерлан Ыдырысов үш елдің елшісі қызметінен босатылды

Азамат Ахметов
Фото: ашық дереккөзден

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Ыдырысовты Ұлыбритания, Исландия және Ирландия елшісі қызметінен босатты.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысов Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Исландиядағы, Ирландия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды», - делінген Ақорданың баспасөз хабарламасында.

Ерлан Ыдырысов 2017 жылдың қаңтарынан бастап Ұлыбританиядағы, ал 2017 жылдың тамызынан бастап бір мезгілде Исландия мен Ирландиядағы Қазақстанның елшісі, оған дейін 2012 жылдың қыркүйегінен 2016 жылдың желтоқсанына дейін Сыртқы істер министрі, одан бұрын - 2007 жылдың шілде айынан бастап Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі, сол жылдың қыркүйек айынан бастап бір мезгілде Бразилиядағы елшісі қызметтерін атқарды.

Сізге қызықты болады