Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Назарбаевтың маңындағы 162 отбасы бірден байып кеткен – сарапшы заңсыз келісімшарттар туралы айтты

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Еуропалық құқық және адам құқықтары сарапшылық институтының директоры Марат Бәшімов Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың маңайындағы адамдардың бірден байып кетіп, заңсыз келісімшарттар жасасқанын мәлімдеді. Мұндай пікірін ол бүгін астанадағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтты.

«Заңсыз келісімшарттар болғанын барлығы біледі. 162 отбасы жатып алып, жекешелендіру арқылы байып кетті. Forbes-та жүр. Оның барлығы жемқорлықпен байланысты екені айдан анық. Назарбаевтың қасында жүрген отбасының барлығы байып кетті. Қоғамның барлығы айтып жүр. Youtube-ті қараңыз. Конституцияға сай келмейтін мәселелерді құқық қорғау органдары қадағалау керек. Заңсыз алдың ба? Қайтарып бер. Қылмыстық іс қозғалды ма? Түрмеге отырасың», - деді ол.

Оның айтуынша, Қазақстанда 2-3 тауық ұрлаған қарапайым адам ұзақ жылға түрмеге отырады да, «түйені түгімен жұтқандар» қамалу былай тұрсын, байығанның үстіне байи түседі. Сондықтан заң бәріне бірдей болуы керек дейді ол.

Сізге қызықты болады