1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды», - делінген БОРТ№1 Telegram-арнасында.
Жолдаудың негізгі бөлігі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналады.