Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Елбасы мен Дариға Назарбаева сайлауға қатыса алады – Орталық сайлау комиссиясы

Азамат Ахметов
Фото: ашық дереккөзден

Елбасы мен Дариға Назарбаева сайлауға қатыса алады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов Мәжілістің жалпы отырысының кулуарында айтты,деп хабарлайды Qonaev.info тілшісі BAQ.KZ–ке сілтеме жасап.

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен оның туған қызы, бұрынғы мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева сайлауға қатыса алатынын айтты.

"Әрине, ол (Дариға Назарбаева Президент сайлауына – автор) қатысуы мүмкін. Нұрсұлтан Назарбаев та қатысуы ықтимал. Президенттікке үміткерге қойылатын талаптарға сай келетін кез келген адам өз кандидатурасын ұсына алады", - деді Шавкат Өтемісов.

Биыл күзде Қазақстанда президент сайлауы өтеді.

 

Сізге қызықты болады