Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Мәжіліс депутаттары Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мереке мәртебесінен айыруды ұсынды

Азамат Ахметов
Фото: ашық дереккөзден

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мереке мәртебесінен айыруды ұсынды, деп хабарлайды Qonaev.info.

Парламенттің төменгі палатасының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография, мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы қаралмақ.

«1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнін мерекелеуді мемлекеттік рәміздер күні, Алғыс айту күні сияқты атаулы күндерге және мемлекеттік мерекелер тізбесінен алып тастап, әлеуметтік маңызы жоғары, әлеуеті жоғары басқа да даталарға ұқсас етіп белгілеу ұсынылады», – делінген құжатта.

Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің қорытындысына сәйкес, заң жобасы, атап айтқанда, Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде әлеуметтік маңызы бар және мәдени іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуді реттеуді көздейді.

Сонымен Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 маусымдағы Ұлттық Құрылтай отырысында берген тапсырмасын орындау мақсатында депутаттар "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізді:

25 қазанды мемлекеттік мереке – Республика күні;

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мемлекеттік мереке ретінде бекітілсін.

Сізге қызықты болады