Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Астана атауы қайтарылып, президент енді 7 жылға сайланады: Сенат пен Мәжіліс дауыс берді

Азамат Ахметов
Фото: ашық дереккөзден

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылданды.

Бірлескен отырыстың күн тәртібіндегі осы мәселелер бойынша ҚР Әділет министрі Қанат Мусин баяндама жасап, Заң жобасы бес бапқа өзгерістер енгізуді және бір баппен толықтыруды көздейтінін жеткізді.

Яғни, ең алдымен Президенттің мандатын қайта сайлану мүмкіндігінсіз бір мерзімге шектеу осы Заң жобасы күшіне енгеннен кейін жеті жыл мерзімге Президент болып сайлаған адамдарға қолданылады.

Екіншіден, Нұр-Сұлтан қаласының атауын қайтадан Астана атауына ауыстыру мәселесі талқыланды.

Үшіншіден, Конституциялық Соттың судьялары қайта тағайындалуына шектеу қоя отырып, Конституциялық Сот судьяларының өкілеттік мерзімдерін 8 жылға дейін ұлғайтылады.

Осы өзгерістерді бір сағат баяндама жасап, талқылау жасаған соң Сенаттың 50 депутатының 50-і, Мәжілістің 99 депутатының 98-і қолдап дауыс берді.

Сізге қызықты болады