Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Президент сайлауына үміткерлерді ұсыну ертең басталады

Азамат Ахметов

Орталық сайлау комиссиясы 20 қарашаға белгіленген Президент сайлауына дайындықтың күнтізбелік жоспарын бекітті.

Белгілі болғандай, президенттікке кандидаттарды ұсыну 23 қыркүйекте басталып, 11 қазанда сағат 18:00-де аяқталады.

Президенттiкке кандидаттың қойылатын талаптарға сәйкестiгiн анықтау үшін кандидатты ұсыну туралы республикалық қоғамдық бiрлестiктiң жоғары органы отырысының хаттамасы беріледі. Оған кандидаттың сайлауға қатысуға келісімі туралы мәлімдемесі де қажет етіледі.

«Президенттікке кандидаттарды қолдау облыстар, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың кем дегенде 2/3 атынан теңдей өкілдік ететін сайлаушылар санының кем дегенде 1 пайызының қолын жинаумен куәландыруы тиіс. Қол қою парақтарын беру кандидаттың Конституция мен Конституциялық заңның талаптарына сәйкестігін анықтағаннан кейін 5 күн ішінде жүргізіледі», - деді Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров.

Кандидаттарға қойылатын талаптар:

ҚР азаматы болуы;

ҚР аумағында соңғы 15 жыл бойы тұруы;

Жоғары білімінің болуы;

Жасы 40-қа толған болуы;

Белсенді сайлау құқығының болуы;

Мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы лауазымда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

Мемлекеттік тілді еркін меңгеруі тиіс.

19 қараша – Тыныштық күні болып белгіленді.

Сізге қызықты болады