«Аманат» Қазақстан кәсіподақтар достастығы» республикалық кәсіподақтар бірлестігі жиынының шешімімен кезектен тыс өтетін президент сайлауына Мейрам Қажыкеннің кандидатурасы ұсынылды.
«Ашық дауыс беру нәтижесінде ұйым мүшелерінің басым көпшілігі қолдап дауыс берді», - делінген бірлестік хабарламасында.
Мейрам Зекешұлы Қажыкен 1961 жылдың 5 сәуірінде Павлодар облысында туған. Экономика саласындағы бірнеше ғылыми мақалалар мен кітаптардың авторы.
Еңбек жолын туған өлкесінде инженер-гидротехник болып бастаған (1982 жылы).
2002-2003 жылдары Павлодар облысы экономика департаментінің бастығы, 2003-2004 жылдары ҚР Премьер-Министрінің кеңсесінде Үкімет басшысының кеңесшісі, өндіріс және инфрақұрылым саласы бөлімінің меңгерушісі, 2010-2011 жылдары Қазақстан индустрияны дамыту институтының директоры қызметтерін атқарды.