Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

ҚР Әскери-әуе күштерінің жаңа қолбасшысы тағайындалды

Азамат Ахметов
Фото: ашық дереккөзден

Қасым-Жомарт Тоқаев Руслан Қоңыровты ҚР Қарулы күштерінің Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы етіп тағайындады, деп хабарлады Ақорда.

«Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Зарлықұлы Қоңыров Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды», - делінген хабарламада.

Бұған дейін Р. Қоныров ҚР ҚҚ Әскери-әуе күштері қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы қызметін атқарған.

Айта кетсек, Мемлекет басшысының өкімімен Нұрболат Еркебайұлы Топаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.

Сізге қызықты болады