Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Астанадағы «Amanat» партиясы филиалының өкілдері қандай кітаптар оқиды?

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Партиялықтар өз ойымен бөлісті

Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті.

«AMANAT» партиясы өкілдерін саяси бағыттағы жұмыспен, халықтың арыз-шағымы мен елдегі орын алып жатқан барлық деңгейдегі мәселелермен етене жұмыс істейтінін көріп, біліп жүрміз.

Бүгін саяси қалалық партия мүшелері арасында «сүйікті, жандарына жақын болар кітаптарыңыз бар ма?» деген сауал жүргізіліп, тиісінше жауап алынған болатын.

Партияластарымыздың сүйікті кітабына шолу жасасақ:

«Бірлік» аудандық филиалының атқарушы хатшысы Шыңғыс Шопанұлы адамның психологиясын, қимылдар мен мимикасын, сондай-ақ дене тілі психологиясын зерттейтін жанрдағы кітаптарды оқығанды ұнататынын атап өтті.

«Қазіргі күнге дейін оқыған кітаптарым да біршама. Оқыған кітаптарымның ішінен ең үздік деген бір кітапты таңдап алу өте қиынға соқты, дегенмен менің жүрегімнің кілтін тапқан «Адамзаттың асыл тәжі» кітабы өте ерекше туынды. «Адамзаттың асыл тәжі» кітабында автор Дамира Өмірзаққызы Алланың сүйікті құлы һәм елшісі Мұхаммед (с.а.у) пайғамбардың өмірі туралы сыр шертеді. Тек мұсылмандардың ғана емес, күллі ғаламның пайғамбары атанған Хазіреті Мұхаммед (с.а.у) Аллаһтың құдіретімен жаратылып, өмірден өткенге дейін үлгілі, өнегелі өмір жолымен ерекшеленеді. Мүбәрәк пайғамбарымыз екі дүниенің пайдасы мен зиянын жібекке тізген меруерттей етіп баяндап, мұсылмандарға дұрыс жолды көрсетті. Мұхаммедтің (с.а.у) бүкіл тірлігі адам баласына үлгі - өнеге, ғылымға толы.  Бұл Аллаһтың нұры жауған киелі жанның істеген әрбір ісі, сөйлеген әрбір сөзін мүлтіксіз таза, айрықша шындығымен ерекшеленеді. Жалпы өзіме қазақ жазушыларының жазу стилі мен көркемдегіш құралдарды қолдануы, бірдей сюжетте емес, әр алуан тақырыпта жазуы ұнайды», - деді «Есіл» аудандық филиалының консультанты Дамир Абдуллаев.

Келесі кезекте «Сарыарқа» аудандық филиалының консультанты Ердәулет Бекмұрат:

«Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік- деген еді Ғабит Мүсірепов. «Сүйікті кітабым» атауына ие болған - Мархабат Байғұт ағамыздың «Ауыл әңгімелері» атты шығармасы. Бұл кітаптың жүрегіме жақын тиуінің бірнеше себептері де жоқ емес.

Бірінші себебі: Мархабат ағамыздың тікелей өзіне байланысты. Мархабат аға – Оңтүстіктің тумасы. Ол кісі шығармаларын оқыған сәтімде, туған мекенімнің төрінде еркін самғанымды сезінемін, өзіміздің Оңтүстік жұртына тән менталитентті, сыпайылық пенен жылы сөзділік айқын байқалады. Екіншіден: ауыл-қашанда аяулы мекен... Бәрімізде ауылдан өсіп-өндік емес пе? Үшіншіден: шығарма мазмұны, шығарма барысындағы оқиғалар қызықтылығы және де сөйлем арасындағы керемет байланыстар. Бұл кітап мен үшін «Қазына толы қамбадан» қымбат, өйткені қазынаның қамба қоры, кітап қоры деп санаймын, осы кітапты оқыған сайын, таусылмайтын баға жетпес асыл дүниеге қарқ боласың», - деп өз ойын жеткізді.

«Қазақ-кеңес әдебиеті тарихында «Тар жол, тайғақ кешу» романының орны ерек. Бұл тарихи-мемуарлық шығармада қазақ халқының Қазан революциясына қатысқаны, оның жеңісін қорғау жолында талай ерлік көрсеткені, бақытты өмірге жету үшін қандай қиын өткелдерден өткені барынша нақты және тартымды баяндалған. Сондықтан да бұл роман – революциялық күрестің көркем шежіресі», - деді өзінің сүйікті кітабы жайлы «Байқоңыр аудандық филиалының консультанты Эсмира Алибекова.

Сөз соңында өздеріңіздің ішінен мол мұраға қанық болар, өмір жолында мәңгі азық болар «сүйікті» кітаптарыңыз болсын дегіміз келеді.

Теги:
Сізге қызықты болады