Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Бүгін Қазақстан президенттігіне кандидаттар теледебатқа шығады

Азамат Ахметов
Фото: ашық дереккөзден

Бүгін Қазақстан президенттігіне кандидаттар теледебатқа шығады.

Орталық сайлау комиссиясы хабарлағандай, телевизиялық дебат 11 қарашада сағат 20:00-де «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде Қазақстан Президенттігіне кандидаттардың және олардың сенімді өкілдерінің қатысуымен өтеді.

Регламентке сәйкес, теледебат төрт раундтан тұрады.

Бірінші раунд – «Сайлауалды бағдарламаның таныстырылымы». Онда қатысушылар сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыт-бағдарын таныстырады.

Екінші раундта «Пікірсайыс сессиясы» өтеді. Онда әр қатысушы өзі таңдаған екі оппонентіне бір-бір сұрақтан қояды.

Үшінші раунд - «Сайлаушылардың сұрақтары». 10 қарашаға дейін «Хабар» агенттігінде «ҮМІТКЕРГЕ СҰРАҚ ҚОЙ!» айдарымен сайлаушылардан видеосұрақтар қабылданды. Яғни, азаматтарға кез келген кандидатқа өз сұрақтарын қоюға мүмкіндік берілді. Олар ұзақтығы 1 минуттан аспайтын сұрақ жазып, оны debaty-2022@khabar.kz электрондық поштасына жіберді. Сайлаушылардан келген сұрақтар ішінен әрбір кандидатқа кездейсоқ бір сұрақтан қойылады. Эфирде қойылмаған видеосұрақтар кандидаттардың штабтарына жауап беру үшін жіберіледі.

Төртінші раунд «Сайлаушыларға үндеу» деп аталады. Онда қатысушылар сайлаушыларға арналған өз үндеулерін жасайды.

Сізге қызықты болады