Қызылорда облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты.
ІІМ баспасөз қызметінінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 19 ақпанда Самара– Шымкент автожолының 1767-1768 шақырымында болған.
«Сырдария ауданында Mercedes және Opel автокөліктері соқтығысқан. Соның салдарынан төрт адам қаза тапты, бір адам ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.
Толық деректер анықталып жатыр.
Аталған дерек СДТБТ-не ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлімі бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Сараптамалар тағайындалды.