Депутат Айдарбек Ходжаназаровтың 8 баласы барын білесіз бе?

Азамат Ахметов

Жигули Дайрабаев әр отбасында кемінде 5 бала болуы тиіс деп есептейді

facebook.com/aidarbek

Бұл жөнінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жигули Дайрабаев Abay LIVE Youtube арнасына берген сұхбатында айтқан.

«Жанұяда баланың көп болғаны жақсы. Бір үйде кем дегенде бес бала болуы керек. Қазір көп жас жігіттерді білемін, алды кемінде сегізден, тоғыздан балалары бар. Елге белгілі азаматтар. Мәселен, әріптесіміз, депутат Айдарбек Ходжаназаровтың 8 баласы бар. Айналайын ғой бұл, қызметті де істеп жатыр, бір партияны да басқарып жатыр. Тағы бір мысал, Ақтөбе облысында ауыл шаруашылығы басқармасын басқаратын Исатай деген азамат бар, жап-жас, алты баласы бар. Төрттен, бестен балалары бар жастар көп. Баланың көп болғаны керек. Қазақ өсіп-өну керек. Бір қозы туса, бір жусан артық шығады деген сөз бар. Әр баланың өз несібесі болады. Не көрмеген қазақпыз, көп болуымыз керек»,- деп пікір білдірген ол.