6 шілдеде Н.Назарбаев 83 жасқа толады
Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңсесін толықтай қаржыландыруға тағы 4 млрд теңге сұралды деп хабарлайды ҚазТАГ агенттігі.
«Қазақстан Республикасы бірінші президентінің кітапханасы, жеке архиві және музейінің жұмысын жүргізу үшін 2024 жылы – 1 195 450 000 теңге, 2025 жылы – 1 328 275 000 теңге, 2026 жылы 1 338 684 000 теңге», - делінген Ашық бюджет сайтында.
Аталған сайтта Назарбаев кітапханасының шығындарын қаржыландырудан бөлек оның шығармашылық идеялары мен бастамаларын насихаттауға да қаржы қарастырылғаны көрсетілген. Үш жылдық шығын – 4 млрд теңеге жуықтайды.