Шымкент әкімі Мұрат Әйтеновтің орынбасарын ҰҚК ұстады – БАҚ

Азамат Ахметов

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шымкент әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховты ұстады деп хабарлады ҚазТАГ ақпараттық агенттігі.

Акта кетейік, Исахов Шымкент әкімі Мұрат Әйтеновтің орынбасары болып 2020 жылы ақпан айында тағайындалған. Ол автокөлік жолдары, еңбек инспекциясы, туризм, спорт, ақпараттық қауіпсіздік және мемлекеттік қызмет көрсету секілді салаларға жауапты болды.