Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

ШҚО әкімдігі Тоқаевты мақтап түсірген видеороликтер үшін 5,2 миллион теңге төлеген – дереккөз

Азамат Ахметов

Шығыс Қазақстан облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты мақтайтын видеороликтерге 5,2 млн теңге төленген деп жазады Protenge телеграм-каналы.

Облыстық қоғамдық даму басқармасы «Штрихи к портрету президента» деген атаумен қысқа видеороликтерге тапсырыс берген екен. Есте болса, дәл осындай атаумен бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев туралы фильм түсірілген.

Нәтижесінде орындаушы компания үш видеоролик түсіріп берген.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев президент болып сайланғаннан бері өзін мақтау-мадақтауды сүймейтін адам екенін бірнеше рет айтып келеді.

Сізге қызықты болады