Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

«2 млрд теңге бөлінген еді»: Ұлттық пантеонда адам жерлейтін орын таусылды

Азамат Ахметов
Informburo.kz

Астанада зиялыларды, қоғам және саяси қайраткерлерді жерлеуге арналған Ұлттық пантеонда небәрі төрт орын ғана қалған. Бұл туралы бүгін қалалық мәслихаттың жиынында айтылды.

«Тамыз айының басында көшпелі жиын өткіземіз. Әріптестер, қазір ол жерде небәрі 4 орын ғана қалды. Ертең қыста зиялылардың бірі қайтыс болып жатса жерлейтін жер үшін қырқыс басталады, өте ұятты жағдай болуы мүмкін. Бұл мәселені көпке созуға болмайды, бәріне дайын болуымыз қажет», – дейді қалалық мәслихаттың хатшысы Ерлан Қаналимов.

Жалпы, Астанада барлығы 5 мазарат бар, олардың үшеуі мұсылмандардың, екеуі христиандардың моласы.

Ал, белгілі заңгер Жангелді Сүлейменов болса пантеондағы орындардың тез таусылып қалғанына таңданып отыр. Оның айтуынша, зиялыларға арналған моланы салуға кезінде бюджеттен 2 млрд теңге бөлінген екен. Алайда, осыншама ақшаға небәрі 25 қабірге ғана шақталған мазарат тұрғызылған.

«Бір қабірге 100 миллион теңгеден жұмсағаны ма?» деп жазды ол өзінің Facebook-парақшасында.

Сізге қызықты болады