Ақпарат министрлігі енді ютуберлерді де марапаттайтын болды

Азамат Ахметов
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

Жуырда ғана «Үркер» медиа-сыйлығын өткізіп, журналистер тарапынан сынға ұшыраған Ақпарат министрі Дархан Қыдырәлі осынау премия аясында енді ютуберлерді де марапаттайтын болды. Бұл туралы министрдің өзі «Түркітілдес журналистер» қоры ұйымдастырған халықаралық медиа және туризм форумында айтты.

Д.Қыдырәлінің сөзінше, бұдан былай Astana Media Week, New Media Forum және «Үркер» телевизиалық форумы біріктіріледі және осы ортақ бір премия аясында ең үздік YouTube-канал және ең үздік подкаст авторлары марапатталады.

Акта кетейік, биыл БАҚ өкілдерінің төл мерекесінде өткізілген «Үркер» сыйлығынан соң бірқатар журналист оның әділетсіз өткенін айтып сынаған болатын. Олардың арасында белгілі тележурналист Жанар Байсемізова да бар. Ол министр Дархан Қыдырәліні қатаң сынап, жеңімпаздар әділетсіз таңдалғанын жазған.