Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

«Сендерге көмектесуге міндетті емеспін»: Көкшетау әкімі көпбалалы анаға ұрысып берді

Азамат Ахметов
716.kz

Көкшетауда көпбалалы ана әкімнен канализация құбырын сұраймын деп ұрыс естіп қалды.

Халық алдында есеп берген әкім Бауыржан Ғайсаға көпбалалы ана өз өтінішін айтты. Әйелдің айтуынша, ол қосқабатты үйде тұрады, ғимарат кәріз жүйесіне қосылмаған, соның зардабын үй тұрғындарының бәрі тартып келеді екен.

«Мен әкімдікке бірнеше рет шағымданып барғанмын, бір жылдан бері табалдырығын тоздырып келемін. Біздің үйді орталық кәріз жүйесіне қосуды сұрап келеміз. Мен бес баланың анасымын, дәоетхананы тазалату үшін өз ақшама машина жалдаймын, көршілер бірде берсе, бірде бермейді. Мердігер келіп кетті, әкімдік құбыр жүргізуге рұқсат бермей жатыр дейді. Неге рұқсат бермейсіздер? Не кедергі? Біз сонда не істейміз? Енді көшені жабамыз, бәріміз шығамыз далаға», – деді көпбалалы ана әкіммен болған кездесуде.

Әкім болса басу айтудың орнына әйелдің өзіне ұрысып тастады. Оның пікірінше, әкімдік аталған үйді кәріз жүйесіне қосуға міндетті емес екен.

«Біз мұның бәрін жылдам істей алмаймыз, ақша бөлу үшін сессия жиналысы керек. Конкурс өткізу үшін тағы уақыт қажет. Бір жылдай уақыт кетеді. Біз сендерге кәріз құбырын тартып беруге міндетті емеспіз, ұнамаса қойыңдар. Бұл сендердің өз үйлерің, өздерің істеуге міндеттісіңдер, неге осыны түсінгілерің келмейді? Әкімдік істеп беруі керек деп кім айтты? Әкімдік көмектессің десеңдер күтіңдер. Сендерге нақты жауап беріп жатырмыз, ал сендер көшені жабамыз деп қорқытасыңдар», – деп ұрысты Бауыржан Ғайса көпбалалы анаға.

Сізге қызықты болады