Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Тағы бір Ғабидолла Шымкентке әкім болып келуі мүмкін – журналист

Азамат Ахметов

Шымкент әкімі Мұрат Әйтеновтің отставкасы жайында Telegram-каналдар жарыса жазып жатыр. Журналист Михаил Козачковтың болжамынша, «үшінші мегполиске» басшы болып Ғабидолла Оспанқұлов тағайындалады-мыс.

Алайда, Шымкент әкімдігі бұл қауесетті жоққа шығарып отыр. Әйтенов ешқайда кетпейді, жұымысын істеп жатыр деп жазды әкімдіктің баспасөз қызметі.

«Бүгін бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде Шымкент қаласы әкімінің ауысатыны туралы жалған ақпараттар жариялануда. Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдейді. Сондай-ақ қазір қала әкімі М. Әйтеновтің лауазымдық қызметінде екенін хабарлайды», - делінген аталған хабарламада.

Айта кетейік, жуырда ғана Шымкентте әкімнің орынбасары Мақсұт Исаховты ҰҚК қызметкерлері ұстаған болатын. Оған коррупциялық қылмысқа барды деген айып тағылуда. Осыдан кейін әлеуметтік желілерде Мұрат Әйтеновтің отставкасы туралы қауесет тарай бастады.

Сізге қызықты болады