Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

«Токиодан озып кеттік»: министр Бағдат Мусиннің өтірігі әшкере болды

Азамат Ахметов
Exclusive.kz

Бүгін журналистермен сөйлескен Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин Қазақстандағы интернеттің жылдамдығы өте жоғары екенін, тіпті бұл тұрғыда Жапония астанасы Токиодан әлдеқайда озып кеткенімізді айтты.

Министрдің бұл сөзі шындыққа қаншалықты жанасатынын тексеріп көру үшін Press.kz тілшісі Жапония астанасында жүрген саясаттанушы Данат Жуминмен хабарласып көрген. Ол дереу интернет жылдамдығын тексеріп, Бағдат Мусиннің сөзін теріске шығарды. Белгілі болғандай, Астанада осы сәтте интернет жылдамдығы секундына 15,8 мегабайтты көрсетсе, Токиода бұл көрсеткіш 192 мегабайтқа тең болған, яғни біздің елдегіден 13,5 есеге жылдам.

Айта кету керек, соңғы бірнеше айдан бері Астана т ұрғындары интернет жылдамдығына жиі шағымданатын болған. Министр Бағдат Мусин болса халық бекерге ашуланады, оданша интернетті үнемдеп пайдаланыңдар деп ақыл-кеңесін айтты.

Сізге қызықты болады