Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Журналиске орысша жауап берген Ералы Тоғжанов әлеуметтік желіде күлкіге қалды (ВИДЕО)

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Жуырда ғана «Обожаю» YouTube-каналының авторы Асхат Ниязовқа сұхбат берген Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов журналиске «қазақша білмейсің, қазақша сөйле» деп кейіген болатын.

Аталған сұхбат әлеуметтік желіде қызу талқыланған болатын. Көпшілік Ералы Лұқпанұлының журналиспен сөйлесу мәнеріне шүйлікті. Сондай-ақ, оның «қазақша сөйле» деуін сұрақтан жалтару деп әкімді айыптап жатыр.

Күні бүгін Тоғжановтың жұмыс сапары кезінде түсірілген кезекті видеосы әлеуметтік желіде тағы қызу талқыланып жатыр. Бұл жолы желі қолданушылары әкімнің орысша сұхбат бергенін әжуалап жатыр.

«Аудармашы бар ма, не деп жатыр?», «Асхат Ниязовтын арқасында облыс әкімінің қандай екенін білдік», «Екі сөйлейтін әкімге сенім жоқ», деген секілді пікірлер көптеп айтылуда.

Айта кетейік, ШҚО экс-әкімі Даниял Ахметов те Асхат Ниязовқа сұхбат беруден ұзақ уақыт қашып, ақыры биыл екеуі камера алдында сөйлескен болатын. Ол кезде де әкім журналисті қазақша білмейсің деп айыптаған. Сұхбаттан кейін Ахметов отставкаға кетті.

Сізге қызықты болады