Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Токионы басып оздық деп өтірік айтқан министр Бағдат Мусинді отставкаға жіберу туралы петиция жарияланды

Азамат Ахметов

Қазақстанрда Цифрлық даму министрі Бағдат Мусиннің отставкасын талап еткен петиция пайда болды. Петицияны Темірлан Маратұлы есімді азамат жариялаған.

«Қазақстандықтар Бағдат Мусиннің отставкасын қолдайды деп сенемін. Өйткені, ол интернет қызметінің бағасын ұстап тұру былай тұрсын, оны қымбаттатып жатыр», - деп мәлімдеді петиция авторы.

Петиция мәтінінде Мусиннің интернеттің әлсіздігіне арзан тариф пен қазақстандықтардың тым көп уақытын әлеуметтік желіде өткізетіні туралы айтқаны да келтірілген. Министрдің осы мәлімдемесінен кейін байланыс операторлары интернет қызметінің бағасын қымбаттатты. Десе де, тариф өскеннен сапа еш өзгерген жоқ дейді Темірлан Маратұлы.

Петицияға әзірге 5 мыңға жуық адам дауыс берді. Олардың басым көпшілігі Мусиннің отставкасын талап еткен. Тек 200 адам ғана министрді жақтап қол қойыпты.

Еске салайық, өткен аптада журналистермен болған әңгімеде Бағдат Мусин Қазақстанда интернет жылдамдығының жоғары екенін, бұл тұрғыда Астана Токионы басып озғанын мәлімдеген болатын. Оның бұл сөзін тексеріп көрген журналистер Жапония астанасындағы интернеттің сапасы біздікінен әлдеқайда жақсы екеніне көз жеткізді.

Сізге қызықты болады