Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Экология министрі Зүлфия Сүлейменованың көлігі қасақана өртелгені рас па?

Азамат Ахметов
KazPress

Абай облысындағы алапат өрттен кейін қатаң сынға ұшыраған Экология министрі Зүлфия Сүлейменованың басы тағы дауда қалды. Бұл жолы журналист Жалғас Зейнолла министрдің қызметтік көлігі қасақана өртелгенін жазды.

Оның сөзінше, аталған өрт болар алдында З.Сүлейменова шығысқа іс-сапармен барып, «Семей орманы» мекемесін тексерген. 

«Астанаға қайтар кезінде Семейден шығаберістегі қонақ үйге тоқтаған. Өзі ғимаратта болғанда бүкіл отчет-потчет, тексеріс қорытындылары бар құжаттар жатқан министрдің джип көлігі түгі қалмай өртеніп кеткен. Өртеп жіберді деген дұрыс шығар. Ел естімеген тағы қандай жағдай бар, министр ханым? Кім істегенін министрдің өзі білетін шығар. Бұл істің өртпен байланысы болуы мүмкін бе?» – деп жазды журналист өзінің Facebook-парақшасында.

Экология министрі бұл мәселеге қатысты әлі пікір білдірген жоқ. Журналист Жалғас Зейнолла болса бұл жағдайға ҰҚК араласуы керек деп есептейді.

Сізге қызықты болады