Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Дариға Назарбаеваның ұлы жаңа қызметке тағайындалды

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жиен-немересі Нұрали Алиев «Транстелеком» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды деп хабарлайды ҚазТАГ.

«Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізіміне енетін «Транстелеком» АҚ 25 шілдеде өткен акционерлердің жалпы жиналысында Директорлар кеңесінің жаңа төрағасын сайлады», – делінген KASE таратқан хабарламада.

Компанияның директорлар кеңесінің құрамына мына азаматтар мүше: Н.Р.Алиев, Д.А.Покупателев, Б.М.Өтемұрат, Э.М.Гумаров, А.М.Ахметжанов, В.А.Аниховский, К.У.Ибраимов.

Сізге қызықты болады