Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

«Әншілер әнін айтсын»: белгілі заңгер телеарна журналистерінің орнын өнер адамдары басқанына наразы

Азамат Ахметов
Фотода әнші Қыдырәлі мен Қарақат

Соңғы уақытта мемлекеттік және жекеменшік телеарналардың төрін шоу-бизснес өкілдері ешкімге бермей жүр. Жаңалықтар жүргізбейді демесеңіз, түрлі ойын-сауық бағдарламалардың бәрінде жылтыраған әншілер жүреді.

Осыған байланысты белгілі заңгер Камиша Есмұхамбетқызы салалық министрлерге шүйлігіп, журналистердің нанына ортақтаспауға шақырды.

«Әншілердің бәрі неге журналист болып кетті? ән айтып табыс табады, ол аздай тағы басқа біреудің орнына жұмыс істейді. Сонда кәсіби журналистер не істейді? Дархан Қыдырәлі, Асхат Оралов, бұл не сұмдық? Қадірі жоқ болса журналистика факультеттерін жаба салыңдар», – деп жазды заңгер өзінің Facebook-парақшасында.

Оның айтуынша, қазір мықты жас журналистер осы әнші-актерлердің кесірінен жұмыссыз жүр.

«Әншілер әнін айтып, сахнаның киесін реттесін. Ешбірі оқымаған, тек фигурасы бар. Ондай фигура менде де бар, ендеше мен де журналист болайын», – деп ашынды К.Есмұхамбетқызы.

Сізге қызықты болады