Астананы тағы су алды: 15 млрд теңге желге ұшты ма?

Азамат Ахметов
Каправда

Астана көшелері бүгін тағы да су астында қалды. Бірнеше минут тоқтаусыз жауған нөсерлі жауыннан жаяу жүргіншілер де, автокөліктер де айтарлықтай әбіржіп қалды.

Ал, журналист Михаил Козачковтың айтуынша, 2021 жылы қаладағы арық жүйелерін тазалау және жетілдіру үшін бюджеттен 15 млрд теңге бөлініпті. Алайда, ол ақшаға жергілікті билік қандай жұмыс атқарғаны белгісіз, белгілісі – қала нөсер жауынға тағы да дайын емес.

Жалпы, Астанадағы бірнеше көшені жыл сайын дәл осылай су алып кетеді. Тіпті, ЭКСПО халықаралық көрмесін өткізер алдында сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаев қала басшылығына қатаң ескерту жасап, проблеманы шешуді тапсырған болатын. Алайда, одан бері бір президент, бірнеше әкім ауысқанымен, баяғы жартас сол жартас.