Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Назарбаев пен Қонаевты салыстыруға болмайды, арасы жер мен көктей – А.Шабдарбаев

Азамат Ахметов
архив

Қазақстанды КСРО кезінде басқарған Дінмұхамед Қонаев пен тәуелсіздік жылдары президент болған Нұрсұлтан Назарбаевты салыстыратындар қоғамда жиі кездеседі. Алайда, екі басшының да күзет қызметін басқарған Амангелді Шабдарбаев оларды салыстыруға болмайды деген пікірде.

ҰҚК-ның экс-төрағасы журналист Абай Сейфуллаға сұхбат беріп, Желтоқсан оқиғасына қатысты тың деректерімен бөлісті.

«Екі тұлғаны салыстыруға болмайды, екеуі жер мен көктей. Заман өзгерді, қоғам өзгерді. Егер тәуелсіздік алған уақытта билік басында Димаш Ахметович немесе сол секілді адамдар болған болса, қазір бәрі мүлдем басқаша болатын еді. Ол қайтыс болғанға дейін халқының қамын ойлап кетті», – дейді А.Шабдарбаев. 

Ол сондай-ақ, Назарбаевтың неліктен Қонаевқа өмір бойы кек сақтап өткенін де ашып айтты.

Сізге қызықты болады