Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

«Жағымпаздықтың шыңы»: Жетісу облысының әкімдігі Кемел Тоқаев бейнеленген 50 кілемге тапсырыс берді

Азамат Ахметов

Жетісу облысында жергілікті әкімдігі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі Кемел Тоқаев бейнеленген 50 кілем мен 200 медальға тапсырыс берді деп жазады PROTENGE Telegram-каналы.

Осы облыстағы Қаратал аудандық әкімдігі байқау жариялап, жарты миллион теңгеге келісімшартқа отырып үлгеріпті. Орындаушы компания бұл ақшаға Кемел Тоқаев бейнеленген 50 кілем және актриса Бикен Римова бейнеленген 50 кілем жеткізіп беруі керек.

Әкімдік мұнымен тоқтамай тағы 1,4 миллион теңгеге Кемел Тоқаев бейнеленген медальдар сатып алмақшы болған. Алайда, БАҚ-та жарияланған мақаладан кейін резонанс туады деп ойлады ма, әлде өздері солай шешім қабылдады ма – аталған байқау тоқтатылды.

Айта кету керек, бұл Тоқаевты ұлықтау арналған алғашқы мемтапсырыс емес. Бұған дейін ШҚО әкімдігі Мемлекет басшысы туралы бірнеше видеороликке 5,2 миллион теңге жұмсаған болатын. Ал, әлеуметтік желі қолданушылары бұл жайттарға наразылығын білдіріп пікір жазып жатыр. Олар мұны қанға сіңген жағымпаздық, ақша игерудің ең оңай жолы деп бағалауда.

Сізге қызықты болады