Үкімет отырысының кулуарында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектепке хиджаб киіп келуге қатысты пікір айтты.
«Біздің мемлекетіміз Конституция бойынша зайырлы ел деп есептеледі. Мектеп те зайырлы. Оның үстіне, 2016 жылы мектеп формасына қатысты бекітілген бұйрық бар. Ол бұйрық өзгерген жоқ. Сол талап бойынша оқушылардың барлығы мектепке тек мектеп формасымен келуі керек. Барлығы заң аясында және белгіленген тәртіп бойынша болуы керек», - деді министр.
Бейсембаев атағандай, зайырлы мемлекет болғаннан кейін азаматтардың бәрі зайырлы елдің заңын орындауы керек.
Еске салсақ, бұған дейін болған үкімет отырысында БАҚ өкілі Бейсембаевқа «қолдайсыз ба, қолдамайсыз ба» деп нақты сұрақ қойған еді. Алайда, министр оған нақты жауап бермеген еді.