Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

«Қазақ балаларын мәжбүрлеп орыс сыныптарына беріп жатыр»: танымал педагог дабыл қақты

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

QAZBILIM ұлттық лицейінің директоры Аятжан Ахметжанұлы ел мектептеріндегі орыс сыныптарына балаларды қалай толтырып жатқаны туралы өзінің Facebook-парақшасында жазды.

Педагог әлеуметтік желіде ата-аналар тарапынан шағымның көбейгенін айтып отыр. Олар балаларын мектеп басшылары мәжбүрлі түрде орыс сыныптарына жаздырып жатқанын айтады.

Мәселен, Тәжікүл Мүсірепова есімді желі қолданушысы немересін екі жыл қатарынан қазақ сыныбына бере алмағанын айтады. Мектебінде үнемі «орын жоқ» деп қысқа қайырады екен.

Асқар Иманғали есімді Фэйсбук қолданушысы да осындай пікіпде. Оның айтуынша, небәрі үш орыс үшін орыс сыныбын ашып, оны қазақ балаларымен мәжбүрлі түрде толтырып жатқан көрінеді. 

Бірақ, желі қолданушыларының ешбірі нақты қай облыс және қай мектеп туралы ақпаратты көрсетпеген.

Оқу-ағарту министрлігі әзірге бұл мәлімдемелерге ешқандай пікір білдірген жоқ.

Сізге қызықты болады