Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Қостанайлық тұрғындар балаларын жаппай орыс сыныптарына беріп жатыр

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Қостанайда бірінші сыныпқа барған баланың 71% орыс тілінде оқуды таңдаған. Белгілі педагог Аятжан Ахметжанұлы осылай дабыл қағып, Оқу-ағарту министрлігінің жұмысын сынға алды.

Жалпы, Қостанай облысында 454 мектеп бар екен. Оның 112-сі ғана қазақ тілінде, 227 мектеп таза орыс тілінде, 115 аралас (орыс және қазақ тілінде оқытатын) мектеп бар.

Ал, жаппай орис сыныптарыоа барып жатқан оқушылардың 60% ұлты қазақ азаматтар екен.

«Биыл 1 қыркүйекте 10 384 бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды. Осы балдырғандардың 71 пайыздан астамы орыс сыныптарына қабылданған. Қалған 29 пайызы ғана қазақ мектебіне барады», - деп жазды А.Ахметжанұлы өзінің Facebook-парақшасында.

Ол сондай-ақ, облыстық Білім басқармасының басшысы мемлекеттік тілді мүлдем білмейтінін де айтып отыр. Ана тілін білмейтін адамға қазақ тілін дамытудың еш қажеттілігі жоқ деп сынады ол шенеунікті.

Сізге қызықты болады