Маңғыстау облысында орналасқан Ыбықты-сай шатқалына адам атын балғамен ұрып ойып жазған вандалдың кім екені анықталды.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде аталған оқиғаның видеосы тараған болатын. Желі қолданушылары вандализммен айналысқан ер адамды танып қойған. Мәдениетсіздікпен айналысқан адамның өзі Ақтөбе облысында мәдени мекемені басқарады екен. Бұл ақпаратты Ақтөбе облысының мәдениет және тілдер басқармасы растап отыр.
«Бейнежазбада көрсетілген адам бюджеттік мекеменің басшысы. Қазіргі таңда кезекті еңбек демалысында. Жұмысқа шыққан соң түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тиісті шара қолданылады»,- деп хабарлады олар.