Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Депутат Ринат Зайытов мектептерде орыс әдебиетінің орнына әлем әдебиетін оқытуды ұсынды

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Ол сондай-ақ, орыс әдебиетіне бөлінген сағаттың тым көп екенін айтады

Белгілі айтыскер-ақын, Мәжіліс депутаты Ринат Зайтов Қазақстан мектептерінде орыс әдебиетіне бөлінген сағатты әлем әдебиетіне беру керек деген ұсыныс айтты.

Мәжілістің алқа отырысынан кейін журналситермен сөйлескен депутат бір ғана елдің әдебиетіне акцент беру дұрыс емес деп санайтынын жеткізді. Қазақ балалары әлем әдебиетін оқу керек дейді ол.

«Мен ол бастаманы көрдім. Неге бізде қазақ әдебиеті сағатынын орыс әдебиетінің сағаты көп деген сұрақты Оқу-ағарту министрлігіне мен де қоямын. Сондықтан бұны бір жүйеге келтіру керек. Неге біздің балалар тек орыс әдебиетін оқуы керек? Ол Кеңес үкіметі кезінде бәлкім маңызды болған шығар. Ал қазір заманның кең шағында, әлем әдебиетімен танысуға мүмкіндік бар кезде біз міндеттеп тек орыс әдебиетін оқисыңдар деп айта алмаймыз. Басқа елдің әдебиетін ұрпақтың санасына сіңіру – қате», - деді ол. 

Зайытов қазақ әдебиетінің өзі мектептерде толық оқытылып жатқан жоқ деп есептейді.

Сізге қызықты болады