Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

«Ресейдің не жұмысы бар»: экс-министр АЭС-ті Ресеймен шекараға жақын салу керек дейді

Азамат Ахметов
Голос Народа

Белгілі гидротехник, бұрынғы су шаруашылығы министрі Нариман Қыпшақбаев Балқаш көлінің жанынан АЭС салу идеясын өте үлкен қателік деп, билікке ескерту жасады.

Оның айтуынша, Балқаш көлі онсыз да апаттың алдында тұр. Ол Арал теңізінің кебін киюі мүмкін. Оның үстіне, АЭС-тен улы заттар бөлінсе, экологияға орны толмас залал келеді.

«Балқаштан басқа жерге неге апармаймыз? Семейдің Ресеймен шектес Күршім деген ауданы бар ғой, Кеңес одағы кезінде 40 жыл бомба жарған сол жерде. Сол жерге АЭС салайық десек, Ресей келіспейді дейді. Ресейдің не жұмысы бар?! Сол жерге салсын. Бірақ, орыстар мұның қауіпті екенін біліп отыр», - деді Нариман Қыпшақбаев депутат әрі журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында.

Еске салайық, 1 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдау арнап, АЭС салу мәселесін референдум арқылы шешетінін айтқан болатын.

Теги:
Сізге қызықты болады