Олардың нақты қандай діни ағымды ұстанатыны айтылмады
Террористік ұйымдар биыл Қазақстанда екі бірдей теракт жасамақ болған. Бұл туралы ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары Руслан Сейсембаев мәлімдеді.
Лаңкестер Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесін жармақ болған. Сонымен қатар, Астанада адам көп жүретін орындардың бірінде қолдан жасалған жарылғышты іске қосуға дайындалған.
«Қазақстанда жыл сайын кемі екі теракт жасауға оқталу әрекеті тіркеледі. Биылдың өзінде осындай екі жағдай болды», - деді Р.Сейсембаев Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясында өтіп жатқан конференцияда.