Ауру жұқтырған еркек түрмеге қамалуы мүмкін
Қарағанды тұрғыны екі рет үйленіп, екі әйеліне де ВИЧ жұқтырған. Бұл әрекетке ол қасақана барғаны да белгілі болып отыр. Қазір келіншектердің бірі жүкті екені анықталып, дәрігерлер шарананы инфекциялан аман алып қалудың бар амалын жасап жатыр деп хабарлайды Patriotnews.kz.
Ер адам өзінің ауру екенін үйленбей тұрып-ақ білген. Дәрігерлер оны облыстық СПИД-орталыққа тіркеп қойған екен. Соған қарамастан ол екі әйеліне де өзінің ВИЧ-пен ауырғанын айтпаған.
Жүкті әйел дәрігерге келіп, жүктілік бойынша есепке тұратын кезде ғана оның инфекция жұқтырғаны анықталды. Екі келіншек те қазір мамандардың қарауында. Ал, ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалған.