7 мың адамның із-түзсіз жоғалып кеткен
Ливияда «Дэниель» циклоны салдарынан туындаған су тасқыны 2800 адамның өмірін жалмады.
Anadolu агенттігі тағы 7 мың адамның із-түзсіз жоғалып кеткенін атап өтті.
Айта кетсек, циклон 10 қыркүйекте Ливияның солтүстік-шығысында соғып, соның салдарынан Жерорта теңізі жағалауында орналасқан қалаларда күн күркіреп, қатты жаңбыр жауған еді.
Толассыз жауған жаңбыр инфрақұрылымға үлкен зиян келтіріп, көптеген тұрғын үйді, ауруханаларды және басқа да азаматтық нысандарды су басты.
Қазіргі кезде трғындарды қауіпсіз жерге көшіру және жоғалған адамдарды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.