Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

«40 мың доллар жұмсады»: Нұрлан Қоянбаев тегін таратқан туды адамдар өзгелерге сатқан

Азамат Ахметов

Белгілі комик Қазақстан – Финляндия матчында жанкүйерлерге 20 мың туды тегін таратқан

Спорт комментаторы Ермұхамед Мәулен тегін таратылған Қазақстан туын интернет арқылы сатқан жанкүйерлердің әрекетін сынға алды.

Сарапшы «Бірінші бол» YouTube арнасына сұхбат беріп, футболдан Қазақстан құрамасының ойынлдарын талдады.

«Нұрлан Қоянбаев өз қалтасынан 40 мың доллар шығарып, Қазақстанның Туын 20 мың адамға таратты. Менің көзімше болған жағдай. Сағат 17:00-де көліктің артынан алып кіргізіп бердік. Сол туды екінші ойында таппай қалдық. Адамдар алып кеткен. Біреулер бес-алтауын уыстап ертеңгі күнгі матчта 3 мың теңгеден сатып жүр», - дейді спорт комментаторы Ермұхамед Мәулен.

Еске салсақ, Астана-Финляндия матчында әзілкеш Нұрлан Қоянбаев өз қаражатын жұмсап, 20 мың туды келушілерге таратып берген еді.

Сізге қызықты болады