Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Екібастұзда 20 көпқабатты үйге жылу дұрыс берілмеген

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Тұрғындар шағым айтып жатыр

Қазір кеншілер шаһарындағы көпқабатты үйлер мен жекеменшік тұрғын үй секторы жылумен толық қамтылған. Бірақ кейбір үйдің тұрғындары жылу қысымына шағымданып жатыр деп хабарлады Хабар-24.

Жиырма шақты көпқабатты үйдің жағдайы күрделі. Ал әкімдік өкілдері «Екібастұз жылуэнерго» орталығында 5 қазандық тұрақты жұмыс істеп тұрғанын жеткізді.  

Борангүл Мұфтақова есімді жергілікті тұрғынның айтуынша, ол жап-жаңа үйде тұрады екен. Алайда, құрылыс сапасыз жүргізілгендіктен, үйдің жылуы мардымсыз. Қазір ол жылытқыш құралының көмегімен пәтерін жылытып отыр.

«Міне, қазанның бірінен бастап жылу берілген, бірақ бізде жылу жоқ. Осы бір бөлмеде тығылып отырамыз. Батареялардың бәрі суық. Жергілікті әкімдік өкілдерінің айтуынша қазір көпқабатты 20 үйде осындай жағдай», - дейді қала тұрғыны. 

Тұрғындардың шағымы тіркеліп, әр үй бойынша жеке комиссия құрылды. 

 «Қазіргі уақытта жылу станциясында бес қазандық істеп тұр. Шығу температурасы 73 градус. Қазіргі уақытта Екібастұз қаласында жиырма шақты үйде проблема болды. Ол үйлерді зерттеп, комиссиямен тексеріп шешім қабылдадық», - дейді қала әкімінің орынбасары Әнуарбек Аманов. 

Оның айтуынша, мәселенің 80 пайызы шешімін тауыпты. Бұл іске тұрғындар мен қатар пәтер иелері кооперативі де атсалысуы керек.  

Еске сала кетейік, былтыр Екібастұзда қақаған қыста жылу қазандықтары істен шығып, қалада төтенше жағдай жарияланған.

Сізге қызықты болады