Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Нигерияда «Боко харам» лаңкестері бір ауылдың тұрғындарын қырып салды

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Аталған топ ұзақ уақыттан бері тынышталған

Нигерияның солтүстік-шығысындағы Йобе штатында орналасқан ауылдардың бірінде екі күн бойы «Боко харам» тобының содырлары кем дегенде 40 адамды өлтірді. Бұл туралы Мемлекеттік полиция өкілі Абдулкарим Тунгус хабарлады.

«30-31 қазанда Гурокайя ауылына шабуылдар жасалып, кем дегенде 40 тұрғын қаза тапты», - деді ол.

Айта кетсек, Батыс Африкадағы ең ірі радикалды исламдық лаңкестік топ «Боко харам» 2002 жылы Нигерияның солтүстігінде пайда болған еді. 2015 жылы Нигерия үкіметінің күштері бұл топқа ірі соққылар жасап, оның бақылауындағы аумақты айтарлықтай қысқартты.

Сол жылы «Боко харам» тобы жік-жікке бөлініп, содырлық құрылымдардың бір бөлігі ДАИШ лаңкестік тобына (Қазақстанда тыйым салынған) қосылғанын жариялап, «Батыс Африкадағы Ислам мемлекеті» атауын қабылдады. Топ мүшелері ара-тұра көрші мемлекеттерге де – Камерун, Нигер, Чад елдеріне шабуыл жасап тұрады.

Сізге қызықты болады