«Әлемде 830 млн адам аш отыр»: Тоқаев азық-түлік қауіпсіздігіне не кедергі екенін айтты

Азамат Ахметов

Ал, БҰҰ 2050 жылға қарай әлемде халық саны тағы екі млрд-қа артады деп болжап отыр

Akorda

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанайда «Ауыл шаруашылығы – мықты экономиканың негізі» тақырыбында өткен форумда сөз сөйледі.

«Қазақстан мен Ресей ауыл шаруашылығы өндіретін ірі өндірушілер. Олар бидай экспорты бойынша әлемдік 10 көшбасшының қатарына кіреді. Біздің елдердің үлесіне әлемдік жерлердің 10 пайызы мен жайылымдардың 9 пайызы тиесілі. Соңғы уақытта жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне климаттың өзгеруі мен саяси-экономикалық тұрақсыздық пен жеткізулердің халықаралық тізбегінің бұзылуы әсер етіп отыр. Әлемде ашаршылықтағы  және азық-түлікке мұқтаж адамдар саны 830 млн адамға жетті»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент атағандай, бұл орайда БҰҰ 2050 жылға қарай әлемде халық саны тағы екі млрд-қа артады деп болжап отыр.