ШҚО-да жас келіншекті өлтіріп қашып кеткен күдікті іздестіріліп жатыр

Азамат Ахметов

Полиция күдікті туралы ақпарат таратпаған

Polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысында жас келіншект өлтіріп, қашып кеткен күдіктіге іздеу жарияланды.

YK-news порталының жазуынша, іздестіру туралы ақпарат Құқықтық статистика және арнайы есепке алу порталында пайда болды. 

Бұған дейін Риддер қаласының желідегі өңірлік парақшаларында жас келіншектің кісі қолынан қаза тапқаны және күдіктінің қашып кеткені туралы ақпарат пайда болған еді. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде де күдіктінің аты-жөні көрсетілген хабарлама тарады. 

«Белгілі болғандай, 33 жастағы әйелдің «зорлық-зомбылық іздері бар» мәйіті Гесовская көшесіндегі көпқабатты пәтерден табылған. Бұл мекенжай күдіктінің тұрғылықты жері ретінде көрсетілген», - делінген хабарламада.

ШҚО полиция департаменті болса ешқандай ресми ақпарат бермеді. 

Дегенмен, qamqor.gov.kz сайтында күдікті – 1974 жылы туған Давлетов Руслан Олеговичті іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатқаны туралы ақпарат пайда болды.

Теги: