Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды qonaev.info.
«Ұлттық университеттер ректорларының мерзімін үш жылға базалық келісімшарт бойынша ұзарту мүмкіндігі бар. Шын мәнінде, 13 жыл - ұзақ мерзім. Қазір ректорларды тағайындау ережелерін пысықтап жатырмыз. 14-15 наурызда арнайы республикалық комиссияның отырысы өтеді. Сол жерде жаңа қағидаттар қабылданады», – деді министр.